«Жакко» компаниясы сумен, жылумен және кәрізбен қамтамасыз ететін инженерлік жүйе саласындағы сауда компаниясы ретінде 2002 жылы құрылған болатын. Бүгінгі таңда ол сауда және өндіріс компаниясы болып табылып, Қарағанды қаласында (Қазақстан) өзінің жеке «Жакко» зауыты бар. Қазақстанның 20 қаласында «Алматерм» инженерлік сантехника дүкендер желісіне иелік етеді.

«Жакко» зауыты 2010 жылы іске қосылды. Қуаттылығы жылына 8 000 т. өнім беруге қауқарлы. Қазіргі қолданыстағы жабдықтың өндірістік қуаттылығы айына 633 000 кг-ны құрайды. Барлық өнім «JAKKO» сауда маркасы аясында шығарылып, жоғары сапа стандартына жауап береді және 50 жылға дейінгі ұзақ мерзім бойы қызмет етеді.

Жоғары сапалы өнімге заманауи жабдықтарды қолдану, ішкі зертхананың қадағалауымен өндіріс барысына жауап беретін қызметкерлерді кәсіби даярлау арқылы қол жеткізіледі.

Ұзақ мерзімді қызмет етуін және ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатымен өнім Оңтүстік Корея мен Еуропа елдеріндегі әлемдегі алдыңғы қатарлы өндірушілердің жоғары сапалы шикізаттары қолданылады. Шығарылатын өнімдердің тізбектемесі жыл сайын көбейіп, тұтынушылардың қызығушылығын барынша қанағаттандырып келеді.


Қазіргі таңда Қазақстан аумағындағы және жақын шетелдегі 1000-нан аса дилерлер ұтымды сатылым жасап келе жатқан «JAKKO» брендінің тізбегінде 1000-нан аса өнім бар.