13 Июля 2016
ҚР Парламент Мәжілісінің Вице-спикері В.К.Божконың зауытқа келуі

ҚР Парламент Мәжілісінің Вице-спикері В.К.Божконың зауытқа келуі

10 маусым күні ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары  В.К.Божко Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында «Жакко» зауытына ат басын бұрған еді. Делегациядағы жоғары қызметті қонақтар құрамында төраға орынбасары аппаратының және Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері болды. Сөйтіп, облыстағы ірі өндіріс кәсіпорындарының біріндегі сату бөлімінің қызметкерлерімен және жұмыскерлермен кездесу өтті.

Владимир Божко зауыт қызметі мен сату бөлімінің жұмысы туралы айтылған әңгімелерді барынша ынта қойып тыңдап, қалжыңдап қалудан да тартынбады. Сөйте жүріп, «Жакко» қызметкерлеріне де мақтау айтып жатты. Еңбегі ауыр, әрі жоғары біліктілікті қажет ететін зауыт операторларымен әңгімелесуде де осындай жылы шырай танытты. Төраға орынбасары В.К.Божко сату бөлімінің басшысы Жасұлан Жұмағазинге де бірнеше сауал жолдай отырып, компанияның негізгі штаты соңынан командасын ерте білетін кәсіби деңгейі жоғары жас басшылардан тұратынын көріп қатты таңғалды. Кездесу соңында Владимир Карпович барша зауыт ұжымының жұмысына көңілі толғанын жеткізді.

– Облыс пен республикаға маңызды осындай кәсіпорында жұмыс жасап жатқандарыңызды мақтан тұтуларыңыз керек. Қазір жастардың жұмыспен қамтылуына үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан, бұл жерде көптеген жастардың жұмыс істейтіні қатты қуантады, – деді В.К.Божко.

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Жакко» зауыты Қарағанды облысының экономикасында үлкен рөл атқаратынын ерекше атап өту қажет. Өз өнімімен республика аумағын қамтыған зауыт өз брендімен біртіндеп жақын шет елдер нарығына жол салуда. Ал, «Жол картасына» сәйкес, өңдеуші және құрылыс секторларындағы өнеркәсіптерге мемлекет тарапынан үлкен назар аударылады. Сөйтіп, 2013 жылы зауытты дамыту үшін қаржылай көмек көрсетілді.

Рассказать друзьям: