24 Мая 2016
«Aqua-Therm Moscow-2016» көрмесі

«Жакко» компаниясы 2-5 апқан күндері Ресей астанасының «Крокус Экспо» орталығында өткен Aqua-Therm Moscow-2016 көрмесіне қатысты.

Aqua-Therm Moscow көрмесі бұл – саланың алдыңғы қатарлы оқиғасы және ресейлік, сонымен қатар халықаралық өндірушілердің жылыту, сумен қамтамасыз ету, инженерлік және сантехникалық жабдықтарының, желдеткіштің, салқындатқыштың, бассейнге, саунаға және SPA-ға арналған жабдықтарының соңғы үлгілерін көрсетудің аса ірі бизнес платформасы.

Aqua-Therm Moscow-2016 көрмесіне қатыса отырып, «Жакко» ЖШС қызметкерлері нарықтағы кейінгі жаңалықтармен, жабдықтардың жетілдірілген үлгілерімен танысуға, компания серіктестерімен және клиенттерімен кездесуге бірегей мүмкіншілік алды.

«Жакко» компаниясының көрмеге қатысуы компания дамуына өз пайдасын тигізіп, қызметкерлерінің кәсіби тәжірибелерін шыңдай түседі деп сенеміз!

Рассказать друзьям: