Гарантия и сервис
Документация
Сотрудничество

Каталог

Компания туралы

fasad.jpg

«JAKKO» компаниясы сумен, жылумен және кәрізбен қамтамасыз ететін инженерлік жүйе саласындағы сауда компаниясы ретінде 2002 жылы құрылған болатын. Бүгінгі таңда ол сауда және өндіріс компаниясы болып табылады және Қарағанды қаласында (Қазақстан) өзінің жеке «JAKKO» зауыты бар. Қазақстанның 20 қаласында «Алматерм» инженерлік сантехника дүкендер желісіне иелік етеді.

«JAKKO» зауыты ең алғашқы рет 2007 жылы Стамбул қаласында (Түркия) іске қосылды. Аталмыш зауытта инженерлік сантехникаға арналған полимер бұйымдардың 600 ден астам түрі өндірілді. Дүние жүзі бойынша дистрибуторлар желісі құрылып, олардың құрамына Еуропа, ТМД, Таяу Шығыс, БАӘ және Африкадағы 45 мемлекеттен сауда орындары кірді. 2009 жылы компания басшылығы тарапынан Қарағанды қаласынан (Қазақстан) екінші зауытты ашу жөнінде шешім қабылданды. Бұл зауытта Түркиядағы пластик құбырлар өндірудегі тәжірибе қолданыла бастады. 2016 жылы Қазақстан өндірісінің қуатын арттыру мақсатында Түркиядағы зауыт көшірілді. Сонымен қатар «JAKKO Қарағанды» зауыты сыртқы канализация жүйесіне қажетті кедір бұдырлы құбырлар өндіруге арналған құрылғыларды қондыру арқылы, ассортименттік портфелін арттырды. Қазіргі таңда зауыт қуаттылығы жылына 8 000 т. дайын өнімді құрайды. Барлық өнім «JAKKO» сауда маркасы аясында шығарылып, жоғары сапа стандартына жауап береді және 50 жылға дейінгі ұзақ мерзім бойы қызмет етеді.

Өнімнің жоғары сапасына заманауи құрылғылар, өндіріс үдерісіне жауапты мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру арқылы қол жеткізіліп отыр.

Ұзақ мерзімді қолданыс пен ресурстарды үнемдеу мақсатында тауарлар Оңтүстік Корея мен Европаның үздік өндірушілерінің шикізатынан өндірілуде.  Шығарылатын өнімдердің тізбектемесі жыл сайын көбейіп, тұтынушылардың қызығушылығын барынша қанағаттандырып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағындағы және жақын шетелдегі 450-нан аса дилерлер ұтымды сатылым жасап келе жатқан «JAKKO» брендінің тізбегінде 1000-нан аса өнім бар.


Каталогты жүктеу PDF

Жаңалықтар