Полипропиленді құбырлар құбырдың осы түріне арналған арнайы саптамалармен жабдықталған дәнекерлеу аппаратымен дәнекерленеді.

Полипропиленді құбырларды кесу үшін арнайы құрал-сайман ретінде құбыркескіш қолданылады. Құбырларды дәнекерлеу жұмысын бастамас бұрын құбыр бетін шаң-тозаңнан, кірден тазарту қажет.

Полипропиленді құбырлары дәнекерлеу барысы:

  • қажетті диаметрдегі тефлондық саптамаларды кигізіп, дәнекерлеуші аппараттты 260°С-ға дейін қыздыру қажет;
  • құбырдың қажетті ұзындығын өлшеп алып, құбыр кескіштің көмегімен құбырды тігінен ұстап тұрып кесу қажет. Егер құбыр алюминь фольгасымен қапталған болса, алюмин қабатын фольга тазалағышпен алып тастау қажет;
  • дәнекерлеу тереңдігі құбырда белгіленеді (дәнекерлеу мерзімінің кестесін қараңыз);
  • құбыр мен фитингті дәнекерлеу аппаратының саптамасына кигізу қажет;
  • қыздырғанна кейін құбыр мен фитингті саптамадан алып, баяу қимылмен тетіктерді бір-біріне отырғызу қажет (дәнекерлеу мерзімінің кестесін қараңыз);
  • дәнекерленген бет жағының толықтай суығанын күту қажет (дәнекерлеу мерзімінің кестесін қараңыз).
Дәнекерлеу мерзімінің кестесі
Құбырдың диаметрі (mm) Дәнекерлеу тереңдігі (mm) Қыздыру мерзімі (сек) Дәнекерлеу мерзімі (сек) Суыту мерзімі (мин)
20 14 5 4 2
25 15 7 4 2
32 17 8 6 4
40 18 12 6 4
50 20 18 6 4
63 25 24 8 6
75 28 30 8 8
90 30 40 8 8
110 33 50 10 8

Егер құбырлар төмен температура кезінде тасымалданса, оларды ашпас бұрын жылы орында кем дегенде 3 сағаттай ұстау қажет.

Сауалдар мен жауаптар

Нысанды қолдана отырып, сауалыңызды жолдаңыз. Жауабын электрондық пошта немесе телефон арқылы алу үшін өзіңіздің байланысу мәліметіңізді көрсетіңіз.
Ұйым атауы:
Аты: *
Телефон:
Электрондық мекенжайы:
Пікір: *
* - толтырылуы міндетті жол